Агрегаторлар мен ауыл шаруашылығы: салық саясаты қайта қаралады

пресс-служба Правительства
пресс-служба Правительства

Мәселелердің әлеуметтік маңыздылығын ескерілді 

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсенің 10-шы отырысында жаңа салық нормаларын қолдану мәселесінің кезекті пулы қаралды, - деп хабарлайды Almaty.tv Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Клиенттер мен сатып алушылар арасындағы есеп айырысуға қатыспайтын, бірақ салық агенттері ретінде әрекет етуге міндетті интернет-платформа операторларының жұмысы өзекті мәселелердің қатарында талқыланды. Бұл мәселені «Атамекен» ҰКП төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов және қазақстандық такси және жүк тасымалдау платформасының өкілдері көтерді.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов атап өткендей, мемлекет салықтық әкімшілендіру контурына барлық қатысушыларды — банктерді, агрегаторлар мен маркетплейстерді толық цифрландыру және қамту жүйесін дәйекті түрде құруда. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарға салықты өз бетінше төлеудің бұрынғы тәжірибесіне оралу ақша ағындары мен әлеуметтік төлемдердің түсуінің ашықтығын төмендетуі мүмкін.

Жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперативтеріне қатысты мәселе де қаралды. Мәселелердің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, ең алдымен ауылдағы жұмыспен қамту бөлігінде мемлекеттік қолдаудың барлық қолданыстағы шараларын ескере отырып, аграрлық сектордағы салық саясатын жеке қарау және жобалық кеңсенің келесі отырыстарының бірінде талқылауға оралу туралы шешім қабылданды.

Оқи отырыңыз: Алматыны газға көшіру: газ турбиналары мен генераторлар орнатылуда

Новости партнеров