Қазақстан Арменияға алғашқы азық-түліктік бидай партиясын жөнелтті

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі
Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі

15 вагоннан тұратын пойыз Әзербайжан шекарасынан өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің ұлттық астық операторы 30 жыл ішінде алғаш рет Армения Республикасына азық-түліктік бидай жеткізді. Бұл Қазақстан мен Әзербайжан президенттерінің келісімдерінің арқасында, Әзербайжан аумағы арқылы транзитті қайта жандандырудың нәтижесінде жүзеге асты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Биыл 21 қазанда Астанада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевтің кездесуі өтіп, онда Ереван бағытына жүк транзитіне қойылған барлық шектеулердің алынғаны айтылды.
Әзербайжан мен Армения арасындағы бейбіт келісімдерді қолдау мақсатында Қазақстан жаңа теміржол бағытымен азық-түліктік бидайдың пилоттық партиясын жөнелтті.

Бүгін 15 вагоннан тұратын пойыз Әзербайжан шекарасынан өтті. Бірнеше күннен кейін қазақстандық бидай Армениядағы Даларик станциясына жеткізіледі деп жоспарланып отыр.

Бакуге жұмыс сапары барысында «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ басшылығы Қазақстанның Әзербайжандағы Елшілігі өкілдерімен кездесті. Тараптар транзиттік жүктің сәтті өтуін және оны армяндық серіктестеріне жеткізуді бірлесіп бақылап отыр.

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Асылхан Джувашевтің айтуынша, жаңа транзиттік бағыттың ашылуы қазақстандық астық экспортының аумағын кеңейтумен қатар, Кавказ өңірі елдері арасындағы логистикалық байланыстарды дамытуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға зор ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар енді өз өтінімінің орындалу барысын бақылай алады

Новости партнеров