Олардың террористік-экстремистік идеологияны таратқысы келгені анықталды
Қазақстанда діни-экстремистік ұйымның әрекетін ұйымдастырды және оған қатысы бар деген айыппен 12 адамға сот үкімі шықты және үкім заңды күшіне енді, деп хабарлайды Аlmaty.tv ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жүргізілген тергеу барысында сотталғандардың Қазақстан аумағында діни алауыздықты қоздыру, террористік және экстремистік идеологияны тарату мақсатын көздеп, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартумен айналысқаны анықталды.
«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты оларды 9 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырды», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Сотталғандардың көбі бұрын ауыр қылмыстар, соның ішінде полиция қызметкерін өлтіру, қарақшылық, тонау, адам ұрлау және есірткі заттарын өткізу үшін соттылы болған.
Оқи отырыңыз: Абай облысында ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты үкім шығарылды