Қазақстанда құс етіне импорттық тәуелділік азайды

03.09.2025 14:59

Биыл 7 айда ет өндірісі 2 пайызға көбейген

Қазақстан кейінгі 5 жылда құс еті бойынша импортқа тәуелділікті 20 пайызға төмендетті. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ішкі өндіріс көлемі артып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өткен жылы Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жылына 15,9 мың тонна ет өндіретін 6 құс фабрикасы іске қосылған. Ең басты міндет – импортқа тәуелділікті жойып, халықты өз өнімімізбен толық қамту. Биыл 7 айда ет өндірісі 2 пайызға көбейген. Мал мен құс саны да тұрақты өсіп келеді. Одан бөлек, министр етті мал шаруашылығын дамыту үшін жеңілдікпен несие берілетінін де жеткізді.

«Айналым қаражатын несиелеудің ұқсас бағдарламалары етті қара мал шаруашылығында да іске қосылды. Мұнда да несие таза 5 пайыз ставкамен  беріледі. Қаржыландыру көлемі 50 миллиард теңге. Ал биыл өңдеу кәсіпорындарының айналым қаражатын жеңілдетілген несиелеу бағытына 44 миллиард теңге бөлінді. Сонымен қатар фермерлердің кепілге қолжетімділігі мәселесін шешу үшін несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік беру бағдарламасы жүзеге асырылуда», – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.

Оқи отырыңыз: 2024 жылғы Жолдау: Президенттің ауыл шаруашылығы саласы бойынша тапсырмаларын жүзеге асыр