Департамент өкілдері жалған ақпарат тарататын алаяқтардан сақ болуға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап жатқан зейнеткерлер жеке тұлғалардың мүлік салығынан толығымен босатылатыны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Ведомстводан атап өткендей, Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес бөлек тұратын зейнеткерлер заңды мекенжайы (олардың тұрғылықты мекенжайы) бойынша тек қана зейнеткерлер тіркелген барлық салық салу объектiсінiң жалпы құнынан айлық есептік көрсеткiштің 1000 еселенген мөлшері шегiнде босатылады. Есептеу барысында республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткiш мөлшері қолданылады.
Оқи отырыңыз: "Біржан Сара ізімен": айтысқа қатысушылар көрерменін несімен тәнті етті
Сонымен қатар келесі тұлғалар да жеке тұлғалардың мүлік салығынан:
Департамент өкілдері 2024 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі 2025 жылдың 1 қазанында аяқталатынын еске салды.
Сондай-ақ мамандар салық мәселелері бойынша қосымша түсініктемелер алу үшін және жалған ақпарат тарататын алаяқтардың құрбанына айналмас үшін ресми ақпарат көздеріне хабарласу керек екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Су тасқыны: Қызылжар ауданында ауыл тұрғындары эвакуацияланып жатыр