Қазақстанда студенттердің стипендиясы көбейді

28.08.2025 16:19

2020 жылмен салыстырғанда шәкіртақы мөлшері едәуір өскен

Аlmaty.tv

Қазақстанда студенттердің стипендиясы 2020 жылдан бері екі есе ұлғайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2020 жылмен салыстырғанда шәкіртақы мөлшері едәуір өскен.

1 қыркүйектен бастап студенттер мына көлемде стипендия алады:

  • бакалаврлар – 52 372 теңге,
  • педагогикалық мамандық студенттері – 84 000 теңге,
  • магистранттар – 117 098 теңге,
  • докторанттар – 262 500 теңге.

Оқи отырыңыз: Елімізде оқу бағдарламасына жасанды интеллект сабағы енгізіледі