Қазақстандықтар 1 пайыздық мөлшерлемемен ипотека ала алады

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Өтінімді онлайн толтырып, құжаттарды ЭЦҚ арқылы қол қойып жіберу керек

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда "Дипломмен - ауылға" ипотекалық бағдарламасы бойынша өтініштер қабылдана бастады. Бұл туралы Отбасы банкі хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл бағдарламаға білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, агроөнеркәсіп кешені (АӨК), мәдениет, спорт салаларының, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері аппараттарындағы мемлекеттік қызметкерлер (әкімдер мен олардың орынбасарларынан басқа) қатыса алады.

Өтінімді Baspana Market платформасы арқылы тапсыруға болады. Өтінімді онлайн толтырып, құжаттарды ЭЦҚ арқылы қол қойып жіберу керек.

Бағдарлама туралы:

  • көтерме жәрдемақы – бір реттік төлем: 100 АЕК;
  • тұрғын үйді сатып алу немесе салу үшін жылдық 1 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген несие (ЖТСМ – 1 пайыз);
  • максималды несие сомасы – 2 500 АЕК-ке дейін (елді мекен түріне байланысты);
  • несие мерзімі – 15 жылға дейін.

Қатысу шарттары:

  • техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы дипломның болуы;
  • несие алған мамандар кемінде 3 жыл бойы өз мамандығы бойынша ауылдық жерде жұмыс істеуге міндетті;
  • бұрын алынған несиелер бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы.

Оқи отырыңыз: Үкіметте "Қазақстан балалары" бағдарламасының тұжырымдамасы қаралды

Новости партнеров