Жобаның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны — медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар салу көзделген
Қазақстанда ауылдық өңірлердің тұрғындары үшін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылуда және үш негізгі бағытты көздейді:
Жобаның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны — медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар салу көзделген.
Бүгінгі таңда 596 нысанның құрылысы аяқталды, оның ішінде:
Сонымен қатар, жоба мыналарды қамтиды:
"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жобасы соңғы кезеңге шықты. Алдағы айларда Қазақстанның ауыл тұрғындары жаңа заманауи медициналық нысандарға қол жеткізе алады, бұл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін айтарлықтай арттырады", — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар Арменияға жеке куәлікпен бара алады