Қазақстандықтардың 30 пайызға жуығы жалақыны конвертпен алады

Almaty.tv
Almaty.tv

Асқар Биахметов елімізде жалақы деңгейі бәсекеге қабілетті емес екенін айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандықтардың 30 пайызға жуығы әлі күнге дейін жалақыларын конвертпен алып жүр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Үкіметте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, экономиканың кейбір салаларында әлі күнге дейін еңбекке қатысты нақты ережелер мен талаптар жоқ. Сондықтан кей жұмыс берушілер қызметкерлерін ресми түрде жұмыспен қамтымай отырған көрінеді. Сондай-ақ Асқар Биахметов елімізде жалақы деңгейі бәсекеге қабілетті емес екенін де айтты. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша еңбек нарығы тұрақтылық танытып, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз деңгейінде сақталып отырғанын жеткізді. Жұмыспен қамтудың өсуіне негізгі үлесті жалдамалы жұмысшылар қосқан. Олардың саны 7,1 миллион адамға, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны 2,1 миллионға жетіпті.

«Тағы бір сын қатер көлеңкелі экономика болып табылады. 2024 жылдың соңына қарай жұмыспен қамтылған халықтың 30 пайызға жуығы зейнетақы жүйесіне қатыспаған. Жекелеген секторларда еңбек нормативтерінің болмауы да көлеңкелі жұмыспен қамтудың сақталуына ықпал етуде», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда түлектердің 30% мамандығы бойынша жұмыс істемейді

 

 

 

 

 

 

 

Новости партнеров