Қазақстанға қай елдердің азаматтары көп көшіп келген

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Келгендердің негізгі үлесі 20 мен 44 жас аралығында болып отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

2025 жылдың І тоқсанында Қазақстанға тұрақты тұруға көшіп келген азаматтар саны 4 923 адамды құрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, елімізден кеткендер саны 1 122 адам болса, көшіп келген адамдар саны 3801 адам болған.

Еліміздің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрген. ТМД елдерінен келгендердің үлесі 84,1% болса, осы елдерге кеткендердің үлесі 68% болған.

«ТМД елдерінен қоныс аударып, ықтиярхат алған 4 137 адамның ішінде ең көбі Өзбекстаннан келген - 2 614 адам, Ресейден - 982 адам», - делінген бюро хабарламасында.

Өзге елдерден биылғы алғашқы үш айда 783 адам келді. Олардың басым бөлігі Қытай (427 адам), Моңғолия (129 адам) және Түркиядан (57 адам) келген.

«Келгендердің басым бөлігі Алматы (1 649 адам) және Маңғыстау облыстарына (764 адам), сондай-ақ Алматы қаласына (687 адам) қоныстанған», - дейді зерттеушілер.

Айта кетейік, келгендердің негізгі үлесі (61,7%) 20 мен 44 жас аралығында болып отыр.

Оқи отырыңыз: Рәміздер күні қарсаңында 34 сәби дүниеге келді

Новости партнеров