Қазақстанның оңтүстігінде сирек кездесетін аң фототұзаққа түсіп қалды

стоп кадр
стоп кадр

Аяқтары қысқа, бірақ ін қазуға арналған тырнақтары өте мықты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаратау мемлекеттік табиғи қорығында орнатылған фототұзақтардың біріне сирек кездесетін Үнді жайрасы (Hystrix indica) түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жануар кеміргіштер отрядына (Rodentia), жайратектестер тұқымдасына (Hystricidae) жатады, Қазақстанның IV санаттағы сирек әрі аз зерттелген түрі.

"Мекені - тау шатқалдары, қыратты-жартасты жерлер және тау етектері. Көбіне түнде белсенді болады. Ең қызығы - денесінде мыңдаған ине болса да, олардың жалпы салмағы бар болғаны 100 граммдай. Аяқтары қысқа, бірақ ін қазуға арналған тырнақтары өте мықты", - делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Қызылордада экология талабын бұзғандарға 14,8 млрд теңге айыппұл салынды

Новости партнеров