Кентау қаласында мәдениет сарайы өртке оранды
Бұл – Ащысай ауылындағы 87 жылдық тарихы бар жалғыз мәдени ошақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Кентау қаласында 87 жылдық тарихы бар мәдениет сарайы өртке оранды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Төтеншеліктердің мәліметіне сүйенсек, қызыл жалын ғимараттың жоғарғы қабатындағы жылу оқшаулағыш материалдан шыққан. Салдарынан, өрт 600 шаршы метр аумақты шарпыпты. Абырой болғанда, адам шығыны жоқ.
Айта кету керек, бұл – Ащысай ауылындағы жалғыз мәдени ошақ.
«Өртке департаменттен жалпы саны 33 адам және 10 техника, «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекетінен 3 жеке құрам және 1 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі мен материалдық шығын анықталуда», – деді Төтенше жағдайлар департаментінің басқарма бастығы Қайрат Алиханов.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе-Атырау тасжолында көлік апаты болды
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33