Президент сұхбатында айтылғандарды Үкіметке берілген тапсырма деуге болады - сарапшы

Экономист маман сұхбатта көптеген мәселе талқыланғанын айтты

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Ana tili" газетінде жарияланған сұхбатына қатысты экономист-сарапшы Ғалымжан Керімбек пікір білдірді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Президент сұхбатында көптеген мәселе талқыланды. Бұл сұхбатта айтылғандарды Президенттің Үкіметке, жергілікті басшыларға берген арнайы тапсырмасы деп қарауға да болады. Сұхбат алған журналистің де әр қойған сұрағы өзекті болды. Былтыр осы уақытта да Президентіміз осындай сұхбат берген болатын. Бұл сұхбатты соның жалғасы деуге де болатын шығар", - деп тоқталды сарапшы.

Оның айтуынша, сол кезде айтылған мәселелер биыл қорытындыланып, енді осы жылға белгілі бір тапсырмалар беріліп, белгіленгендей.

"Экономист маман ретінде сұхбаттан байқағаным, Президент Үкімет пен Парламентке үлкен сенім артып отыр. Бәріміз байқағандай, Президент қоғамда болып жатқан барлық жағдайдан хабардар екен.  Жалпы, экономика заңдылығы бойынша Үкімет болсын, әр жеке тұлға болсын, жоспар құра білу керек және сол жоспарға сәйкес іс-әрекет жасау керек. Бұған дейін де елімізде 2030, 2050 жылдарға арналған жоспарлар болды. Ал Президенттің кешегі айтып отырғаны - ондай алыс болашаққа емес, бір жыл көлемінде атқарылуы тиіс мәселелер. Яғни, 2024 жылы не істелінді, 2025 жылы не істелінуі керек деген сауалдарға жауап берілді.

Үкіметке айтылған басты нәрсе – экономиканы әртараптандыру, теңгенің құндылығын арттыру. Себебі бұл мәселелер бүгінгі таңда өзекті болып отыр. Биыл теңге біршама құнсызданып кетті, сондықтан соған қарсы қандай да бір шаралар қабылдау туралы айтты. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту, салық, несие, халықтың жалақысы мәселелері де өзекті болып отыр", - деді Ғалымжан Керімбек.

Оқи отырыңыз: Президент сұхбатында түрлі салаға қатысты мәселелер жан-жақты қамтылды - дінтанушы

Новости партнеров