«Халық әуені» жобасы: өңірлерде 50-ден астам концерт өткізілді

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Жобаның соңғы күні концерттерге шамамен 7 мың адам жиналды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

21-23 мамыр аралығында Қазақстанда алғаш рет «Халық әуені» концерттік-гастрольдік туры өтті. Үш күнге созылған жоба еліміздің 17 облысын қамтып, концерттік бағдарламаларды 20 мыңға жуық адам тамашалады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, жобаның соңғы күні концерттерге шамамен 7 мың адам жиналды. Тур аясында жетекші шығармашылық ұжымдар мен белгілі өнер қайраткерлері өңір тұрғындарына ұлттық және заманауи өнердің таңдаулы туындыларын ұсынды. Концерттер аудан орталықтарында ғана емес, моноқалалар мен ауылдық елдімекендерде де ұйымдастырылып, жұртшылыққа жоғары деңгейдегі мәдени бағдарламаларды тамашалауға мүмкіндік жасалды.

Жобаға еліміздің жетекші оркестрлері, хор, би, фольклор, эстрада және театр ұжымдары, сондай-ақ ұлттық мәдениет мекемелерінің солистері қатысты. Концерттік бағдарламалар қазақтың күйінен бастап, симфониялық музыкаға дейінгі түрлі өнер бағыттарын, хореографиялық қойылымдарды, мюзикл үзінділерін, дәстүрлі ән мен заманауи эстраданы тоғыстырды.

Бірқатар өңірде өнер иелерінің қатысуымен шығармашылық кездесулер мен шеберлік сабақтары өтті.

Осындай рухани кештер ұлттық өнердің өрісін кеңейтіп, өнер адамдары мен көрермен қауымның арасын жақындата түсті.

«Халық әуені» жобасы қазақтың ән-күй өнерін халыққа кеңінен танытуға және ұлттық мұраның өңір тұрғындары арасында насихатталуына бағытталды.

Оқи отырыңыз: ДСМ Қазақстандағы наркологиялық орталықтарға кешенді тексеру жүргізеді

Новости партнеров