Халықаралық алма күні: Алматының үздік аспаздары апорттан дәм әзірледі

21.10.2024 21:14

Мерекеде 1000-нан аса тағам әзірленді

Алматының үздік аспаздары апорттан 1000-нан аса дәм әзірледі. Халықаралық алма күніне орай мегаполисте дәстүрге айналған мереке жалғасын тапты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматының аты алмамен тікелей байланысты болғандықтан қала тұрғындары бұл күнді ерекше атап өтеді. Іс-шарада түрлі астан бөлек, концерт те қойылды. Арнайы әзірленген инсталляциялардың әр бұрышы мәдениет бен аймақтың өзіне тән тарихи ерекшелігін бейнелеген.

"Мерекені жыл сайын атап өтеміз. Іс-шарада 300-400 ден аса қонақ болды. Әншілер өнер көрсетеді. Алмадан 1000-нан аса тағам дайын болады. Алма – Алматы қаласының символы", – деді шипажай басқарушысы Еркеғали Серікжан.

Кеш қонақтары апорт жемісінің қаланың символына айналып кеткенін айтып, қызықты деректер айтты. Қала бақтарында өсетін алмалардың салмағы 500-ден 800 граммға дейін жеткен. Мерекелік жиында түрлі сайыс өтіп, көпшілікке қолөнер бұйымдары көрсетілді.

"Бүгін 1000-нан аса алмадан тағам әзірледік. Қонақтар алманың түр-түрінен дәм татуға мүмкіндік алды. Бірақ апорттан жасалған штрудельді ерекше атап өткім келеді. Оған тең келетін дәм жоқ", – деді бас аспаз Мадияр Қыдырбай.

Оқи отырыңыз: Кәсіби мерекеде 10 жастағы құтқарушы марапатталды