Хасан Қасымбаев сотталды: оның серіктестері тағылған айыпты мойындамады

Almaty.tv
Almaty.tv

Олар 2021 жылы жасаған қылмыс бойынша абақтыға жабылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Хуторлық» деген атпен танымал Хасан Қасымбаев 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ал оның серіктестері Сайлау Ақтанов, Данияр Асқаров және Руслан Әлиев - 8 жылға, Мадияр Қалымжанов пен Нұрмұхамет Сұлтанбеков — 9 және 22 жылға сотталды. Олардың бәріне адам ұрлау, қасақана ауыр жарақат салу және қорқытып, ақша алу бабымен іс қозғалды.

Алайда сотталушылар тағылған айыпты мойындамады. Олар тергеу мен сот кезінде көптеген заң бұзушылық болғанын алға тартты.

Еске салсақ, Шерзат Полаттың ісінен кейін жұрт арасында «хуторлық» деген ұйымдасқан қылмыстық топтың бар екені және оны Хасан Қасымбаевтың басқаратыны жайлы ақпарат желдей ескен.

Бірақ бұл іс талғарлық жасөспірімнің өліміне қатысты емес. Олар 2021 жылы жасаған қылмыс бойынша абақтыға жабылған.

Оқи отырыңыз: Тегін дәрі-дәрмектерді сатқаны үшін қатаң шаралар қолданылады

Новости партнеров