Киберқылмыспен күрес: Қазақстанда интернет-алаяқтық 40 пайыз азайды

Азаматтарға 6 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда интернет-алаяқтықпен күрес күшейіп келеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Соңғы үш жылда мұндай қылмыстардың саны 40 пайызға азайған. Ал оларды ашу көрсеткіші 29,9 пайызға өсіп, азаматтарға 6 миллиард теңгеге жуық қаржы қайтарылған. eGov Mobile қосымшасында халықты киберқылмыскерлерден қорғайтын «стоп-кредит» қызметі жұмыс істеп тұр. Оның көмегімен әр адам өз атына несие алуға тыйым қоя алады. Биыл 1 маусымдағы мәлімет бойынша, көпшілік бұл тетікті 6,3 миллион рет қолданған. Сонымен қатар құзырлы орган дропперлермен де күресіп жатыр.

«Дроптармен күреске ерекше назар аударылуда. Қылмыстық жауапкершілік енгізілген сәттен бастап мыңнан астам осындай құқық бұзушылық тіркеліп, 364 адам жауапкершілікке тартылды. Ұлттық банктің антифрод-орталығымен бірлесіп, күдікті транзакцияларды анықтау және ұрланған қаражатты бұғаттау шаралары қабылдануда. 5 миллиард теңгеден астам қаражат бұғатталып, 1 миллиард теңгеге жуық қаражат жәрібленушілерге қайтарылды», – деді ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай

Оқи отырыңыз: Есірткі өндірген қылмыстық топ жетекшісі Ресейден экстрадицияланды