Есірткі өндірген қылмыстық топ жетекшісі Ресейден экстрадицияланды

Психотроптық заттарды өндіру кезінде химиялық заттан уланып 2 адам қайтыс болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Есірткі саудасымен айналысқан азамат Ресей Федерациясынан экстрадицияланды. Бас прокуратура бірнеше жылдан бері заңсыз жолмен алаңсыз ақша тауып келгендердің әрекетін әшкереледі, 

2024 жылы полиция қызметкерлері 24 келіден аса химиялық зат, түрлі жабдық пен қорғаныш құралдарын және дайын өнімдерді тауып, соларға тиесілі зертханалардың бірін жапқан. Тіпті онда психотроптық заттарды өндіру кезінде химиялық заттан уланып 2 адам қайтыс болған. Ұсталған күдікті психотроптық заттарды өндіріп әрі өткізген қылмыстық топтың ұйымдастырушысы болған. Күдікті Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Бас прокуратураның сұрау салуы бойынша елге жеткізілді. Ол қазір тергеу изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: Қысқа видеолардың бала миына кері әсері бар ма