ҚҚС: кімдер салық төлеуден босатылды

18.07.2025 19:21

Кодекс 2026 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді

Қосылған құн салығының жаңа базалық мөлшерлемесі 16 пайыз болып бекітілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңға қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Өзгеріске сай, салық есебінің көлемі – 30, саны – 20 пайызға қысқарады. Ал дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге белгіленген қосымша құн салығының мөлшері келер жылы – 5, 2027 жылдан бастап 10 пайыз болмақ. Корпоративтік табыс салығына келсек, ол 20 пайыз деңгейінде сақталады. Дегенмен, банктер мен ойын бизнесі үшін 25 пайыз болып қалады.  

«Бәйтерек» ұлттық қорынан шығарылған бағалы қағаздар корпоративтік табыс салығынан босатылады. Сонымен қатар кітап өнімдерін, шығарылған басылымдарға қосылған құн салығынан босату көзделген. Ауыл шаруашылық өнім өндірушілерге осы қосылған құн салығын есепке жатқызу бойынша 70 пайыздық үлесі 80 пайызға арттырып отыр», – деді ҚР ҰЭМ Салық және кеден департаментінің бас сарапшысы Жазира Мыңбаева.

Сондай-ақ жаңа заңда жылдық табысы 8 мың 500 айлық есептік көрсеткіштен асатын азаматтарға 15 пайыз салық мөлшерлемесі қолданылатыны айтылған. Ал жеке тұлғалар автокөлігінің құны 75 миллион теңгеден асса, әр литрінің құны 500 мың болатын алкоголь, әр данасының құны 10 мыңнан кем болмайтын темекі өнімдерін тұтынса, 10 пайыз акциз түрінде салық төлейді.

Атап өтейік, кодекс 2026 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшіне енеді.

 «Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу шегі 20 АЕК-тен 10 АЕК-ке төмендеді. 2026 жылдан бастап бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады. Пайдалану мерзімі 10 жылдан жоғары автомобильдер үшін де көлік салығы азайды», – деді ҚР ҰЭМ Салық және кеден департаментінің басшысы Ерлан Сағынаев.

Оқи отырыңыз: Қыз алып қашу – қылмыс: 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін