Қыз алып қашу – қылмыс: 10 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ЖИ көмегімен жасалған
ЖИ көмегімен жасалған

Тараптардың татуласуы қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 125-1-бап – “Неке қиюға мәжбүрлеу” енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv
Бұл норма бойынша қалыңдықты еркінен тыс алып қашу — заң алдында қылмыстық жауапкершілікке әкелетін іс.

1-бөлім:
Қызды келісімінсіз некеге мәжбүрлегені үшін
2000 АЕК-ке дейін айыппұл (шамамен 7,8 млн теңге) немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

2-бөлім:
Егер әрекет қорқыту, күш қолдану,
кәмелетке толмағанды тарту немесе тәуелділікті пайдалану арқылы жасалса –
3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

3-бөлім:
Егер қылмыс салдарынан денсаулыққа ауыр зиян келсе немесе өлім жағдайы болса –
5 жылдан 10 жылға дейін түрме жазасы қолданылады.

Енді тараптардың татуласуы қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды. Заң баршаға ортақ. «Дәстүр» деген желеумен зорлықты ақтауға жол жоқ. Қыздың келісімінсіз қиылған неке – бұл құқық бұзу,
ал алып қашу – қылмыс.

Оқи отырыңыз: Қайыңды жолын жөндеуге 2,4 миллиард теңге бөлінді - облыс әкімі

Новости партнеров