Басқосуға Мемлекет басшысының Жолдауда көтерген негізгі бағыттарын талдады
Қазақстан халқы ассамблеясының бірқатар жобасын цифрлы форматқа ауыстырып, «ақылды жүйелердің» көмегімен мемлекеттің бәсеке қабілеттілігін арттыру қажет». Алматыдағы этномәдени бірлестік мүшелерімен кездескен ассамблея төрағасының орынбасары Марат Әзілханов осындай пікір айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ол «Аналар кеңесінде» бейне-контент құру ісінің жақсы жолға қойылғанын жеткізді. Сондай-ақ жастарды бірлігі жарасқан ортаға қосу мәселесін көтеріп, студенттік ассамблея ашудың мән-маңызына тоқталды. Қазір олардың саны елімізде 60-қа жеткен. Басқосуға жиналғандар жасанды интеллект мүмкіндігі, елдің әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамуы, қоршаған ортаға деген жанашырлық сынды Мемлекет басшысының Жолдауда көтерген негізгі бағыттарын талдады.
«Әлеуметтік жобаларды әрі қарай ілгерілетеміз, қалай халықтың қасынан табыламыз, халықтың мұң-мұқтажына қалай жауап береміз? Мәселе ішкі бірлігімізді, ұлтаралық татулығымызды әрі қарай ілгерлету ғой. Оның бәрі де сөзбен де, іспен де жасалуы керек», – деді ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілханов.
Оқи отырыңыз: Ауыл жастарына мемлекеттік бағдарламаларға қасыту үшін бағыт-бағдар беру керек - Дәурен Рахымбек