Көкшетауда мотоцикл жүргізушісінен 5 келіден астам марихуана тәркіленді

t.me/POLICE_of_KZ
t.me/POLICE_of_KZ

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Көкшетауда полиция мотоцикл жүргізушісінен 5 келіден астам марихуана тәркіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, патрульдік полицейлер қызмет барысында есірткінің ірі партиясын заңсыз сақтау фактісінің жолын кесті.

Красный Яр ауылында полицейлер мотоцикл жүргізушісін тоқтатқан, оның мінез-құлқы күдік тудырған.

Тексеру барысында тәртіп сақшылары есірткіге мас болуының ықтимал белгілеріне назар аударған. Мән-жайды анықтау кезінде ер адам тыйым салынған заттың бір дозасын өз еркімен берген.

"Полиция қызметкерлерінің жұмысы одан әрі жалғасты: құқық бұзушының тұрғылықты жерін тексеру кезінде 8 қап пен 6 қапшық табылды, болжам бойынша ішіндегі зат - марихуана", - делінген хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, тәркіленген заттардың жалпы салмағы 5 келіден асады. Алынған заттар сот сараптамасына жіберілді.

Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз: Атырау облысында 30-ға жуық шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

Новости партнеров