Оқиғаның мәнжайы жан-жақты анықталып жатыр
Көкшетауда оқушы қыз автобус есігіне қысылып, ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Алдын-ала мәлімет бойынша, жеткіншек қоғамдық көліктен түсіп жатқан сәтте есік кенет жабылып, оқушының қол сүйегі сынған. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері «Жол жүрісі қағидаларын немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қазір оқиғаның мәнжайы жан-жақты анықталып жатыр.
«Аталған факті бойынша «Көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың жол қозғалысы ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер маршруттық автобустың жүргізушісін анықтады. Ол – 65 жастағы ер адам. Қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесіне сәйкес тиісті процессуалдық шешімдер қабылданады», – деді Полиция департаментінің аға инспекторы Алмагүл Тұрсымбаева.
Оқи отырыңыз: Таяу Шығыстан 3300-ден астам қазақстандық елге оралды