Көктайғақ: СҚО-да алғашқы қар жауды
Almaty.tv
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Солтүстік Қазақстан облысында күн райы күрт суытып, кей ауданда бүгін түнде қар жауды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Әлеуметтік желілерде қыс мезгілінің алғашқы белгілері бейнеленген кадрлар тарап жатыр. Мамлют ауданы Новомихайловка ауылының тұрғыны түнде жауған алғашқы қарды бейнежазбаға түсіріп, желі қолданушыларымен бөлісті.
«Қазгидромет» кәсіпорны облыстық филиалының мәліметінше, өңірде ауа райының қолайсыздығы әлі де сақталады. Синоптиктердің болжамына сәйкес, 5 қазан күні облыстың батысы мен солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауып, жаяу бұрқасын мен көктайғақ болуы мүмкін.
Петропавлда да қар аралас жаңбыр жаумақ. Жолдарда көктайғақ қалыптасуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Алматыда жауын-шашынға байланысты коммуналдық қызметтің кезекшілігі күшейтіледі
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47