«Көктөбе» саябағында бірегей экологиялық суару жүйесі іске қосылды

Жүйе ауаны 80–90 пайызға тазартып, зиянды бөлшектердің таралмауына мүмкіндік береді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Көктөбе» саябағында бірегей экологиялық суару жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Технология жасыл желекті күтіп-баптаудың инновациялық тәсілімен және ауаны тазартатын тетіктерімен ерекшеленеді. Жоғары қысымды компрессорлар шаң-тозаңды ылғалға айналдырады. Мұндай жүйе ауаны 80–90 пайызға тазартып, зиянды бөлшектердің таралмауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ температураны 4–8 градусқа дейін салқындатады. Бұл әдістің тамшылатып суаруға қарағанда, шығыны едәуір аз. Жоба авторы Тимур Елеусізов технологияны қаланың басқа да аймақтарына орнатуға ниетті.

«Ауаны ластайтын қалдықтар биіктікте қалыптасады. Бұл жүйе сол ластану деңгейін түсіруге септесіп, аллергия тудыратын факторларды азайта алады. Экологияға оң әсерінен бөлек, өте үнемді технология. Компрессорларды шаң басатын зауыттар, саябақ, парк, көшелерге орнатуға да болады. Жоғары қысымнан су микробөлекшектермен шығып, айнала қатты суланбайды, бірақ ылғалданады», – деді эколог, қалалық мәслихат депутаты Тимур Елеусізов.

Оқи отырыңыз: Алматыда Асқаров көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Новости партнеров