Майшам, азық-түлік, ауызсу: жолға шығарда қандай сақтық шарасын сақтау керек

Almaty.tv
Almaty.tv

Елімізде бес күннің ішінде жолда қалған 200-ге жуық адам құтқарылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде бес күннің ішінде жолда қалған 200-ге жуық адам құтқарылды. Олардың арасында 27 бала бар. Төтеншеліктердің ақпарына сай, үсік шалғандар жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Одан бөлек, құтқарушылар жылыту бекеттеріне 270 адамды апарып, қар құрсауынан 22 техника шығарған. Қазір ел бойынша 1 жарым мыңнан астам жылыту бекеті жұмыс істеп тұр. Республикалық жолдарды 700-ден аса техника мен 2 мыңға жуық маман тазартып жүр. Ешбір трассада көлік қозғалысына шектеу жоқ. Мамандар жүргізушілерге сапарға шықпас бұрын сақтық шараларына мән беріп, 112 нөмірінен келген хабарламаларды ескерусіз қалдырмау керек екенін еске салды.

"Жүргізушілер біріншіден қысқы кезеңде жолға шығарда ол сақтық шараларын қолдануы керек. Көлігінің техникалық жарамдылығын тексекру керек. Тұрмыста пайдаланатын жылыту құрылғылары міндетті түрде болуы керек. Азық түлік алғаны жөн. Егер қар құрсауында қалып қоятын болса, машинаны қауіпсіз жерге қойып, "112" нөмірінен келетін хабарламаға мән беру керек", – деді ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Дидар Қажыкенов.

Ал ертең еліміздің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді. Синоптиктердің хабарлауынша, шығыста түнде сынап бағаны  минус 25 градусты көрсетсе, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында түнде 20 градусқа дейін суытады. Өзге өңірлерде де ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Оқи отырыңыз: Қаңтар айына Қазақстан бойынша ауа райының болжамы

Новости партнеров