Көлік министрлігі жолаушылар тасымалы сапасына бақылауды күшейтті

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Рейдтік іс-шаралар барысында бірнеше компанияның пойыз құрамдары тексерілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Бас көлік прокуратурасының өкілдерімен бірлесіп, жекеменшік тасымалдаушылар пойыздарына инспекциялық тексерулер жүргізді. Тексерулердің мақсаты – қауіпсіздік стандарттарының, санитарлық нормалардың сақталуын және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын бақылау, деп хабарлайды Almaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейдтік іс-шаралар барысында мобильді топтар бірнеше компанияның пойыз құрамдарын тексерді.

Тексеру барысында вагондардың техникалық жай-күйіне, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы купелердің жабдықталуына, төсек-орын жабдықтарының тазалығына, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерінің жұмысына ерекше назар аударылды. Қарау нәтижесінде ішкі инвентарь жағдайы мен қызмет көрсету сапасына қатысты жекелеген бұзушылықтар анықталды.

Тексеру қорытындысы бойынша тасымалдаушылардың жұмысындағы кемшіліктер анықталып, тиісті нұсқамалар берілді, актілер рәсімделді.

Көлік министрлігі жолаушыларға анықталған заңбұзушылықтар туралы +7 700 098 35 35 нөмірі арқылы мессенджерлер арқылы Жедел ахуал орталығына хабарласуға болатынын ескертеді.

Жекеменшік теміржол тасымалдарының сапасын бақылау жұмыстары азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде жалғасатын болады.

Оқи отырыңыз: Тарихи оқиға: Байқоңырдан алғаш рет «Союз-5/Сұңқар» зымыраны ұшырылды

Новости партнеров