Көмір бағасының тұрақты болуын бақылау керек — Премьер-министр

Depositphotos
Depositphotos

Бүгінде өңірлердің басым бөлігінде жылу беру маусымы уақытылы басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жылыту маусымында коммуналдық қызметтерді жөндеу бригадалары кез келген жағдайға шұғыл әрекет етуі тиіс. Премьер-министр Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық шаралары бойынша тапсырмалар берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Бүгінде өңірлердің басым бөлігінде жылу беру маусымы уақытылы басталды. Республиканың оңтүстігінде жылу бекітілген кестеге сәйкес және ауа райына байланысты беріледі. Өңір әкімдеріне жылу беру маусымын тікелей бақылауда алуды тапсырамын", — деді О. Бектенов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Премьер-министр жылу көздеріндегі барлық жоспарлы параметрлердің сақталуын, отынның нормативтік қорын қадағалап отыруды тапсырды.

"Резервтік жабдықтардың әзірлігін қамтамасыз етіңіздер. Коммуналдық қызметтерді жөндеу бригадалары кез келген жағдайға шұғыл әрекет етуі тиіс. Сондай-ақ халыққа арналған көмір бағасының тұрақты болуын да бақылауда ұстау қажет", — деді Үкімет басшысы.

Оқи отырыңыз: Қазақстан білім жүйесінде ілгеріледі: Халықаралық бағалау нәтижелері жарияланды

 

Новости партнеров