Бұрынғы әкім мен оның сыбайластарына үкім 2016 жылдың 1 қыркүйегінде шыққан
Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев 11 жылға сотталып, 8 жылдан кейін бостандыққа шықты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.
Жеңіс Серікқалиев сегіз жылын қамауда өткізді. Оған белгіленген жаза мерзімі 2027 жылдың 14 наурызында аяқталуы тиіс болған. Алайда бұрынғы шенеуніктің толық жаза мерзімі биылғы сәуір айында шартты жазаға ауыстырылып үлгерген. Бұл ақпарат енді ғана жария болып отыр.
2016 жылы Серікқалиев өзінің көңілдесін өлтіруге тапсырыс бергені үшін кінәлі деп танылды.
"Іс материалдарына сәйкес, ол өзінің досынан, яғни Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысынан «екеуара қарым-қатынасы мен мен ортақ қызы бар екенін айтамын» деп бопсалап, қорқытып жүрген әйелді өлтіруді өтінген. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы жүргізуші жалдап, оған кісі өлтіргені үшін 500 мың теңге беруді уәде еткен. Шабуыл салдарынан жәбірленуші әйел бірнеше пышақ жарақатын алғанымен, аман қалып, қылмыскерді анықтай алған", - делінген хабарламада.
Бұрынғы әкім мен оның сыбайластарына үкім 2016 жылдың 1 қыркүйегінде шыққан. Оларға 10 жылдан 11 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім кесілді. Алайда Серікқалиев түрмеде отырған жылдары режимді бұзбай, іс-шараларға белсене қатысып жүрген, тіпті 15 рет ынталандыру алған, осылайша, жазасын жеңілдетуге өтініш беруге рұқсат ететін мүмкіндік берілген.
Сондай-ақ жәбірленушінің өзі сот отырысынан кейін Серікқалиевті кінәсіз деп санайтынын және үкімге шағымданатынын айтқан.
Оқи отырыңыз: Биыл 20-дан астам судья жауапқа тартылды