Конституция – әділетті қоғам кепілі: Астанада көрме ашылды

Көрмеге 150 құнды құжат пен материал қойылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада Ата заңның 30 жылдығына арналған көрме ашылды, деп хаарлайды Almaty.tv.

Онда конституционализмнің даму жолын айқын көрсететін шамамен 150 құнды құжат пен материал қойылған. Көрме экспозициясына Мемлекет басшысының осы уақытқа дейінгі халыққа жолдаған үндеулері, құттықтаулары жинақталған басылым енгізілді. «Жаңғырған Конституция – әділетті қоғам кепілі» атауымен өткен іс-шарада алғаш рет Брайль қарпімен жазылған заң көпшілік назарына ұсынылды.

 «Көрменің ішінде ерекше жәдігерлер бар. Олардың қатарында ҚР Конституциянсың 30 жылдығына орай Конституциялық соттың арнайы шығарған брайль шрифіндегі орыс және қазақ тіліндегі 2 басылым бар. Бұл басылымдарды белгілі мәдениет қайраткері, альпенист Әлібеков Қайырбек мырза биылғы жылы Гималай тауының шыңына алып шыққан болатын», – деді ҚР Президенттік орталығының жетекші сарапшысы Ләйлә Омарова.

Көрме үш кезеңнен тұрады. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жинағынан басталып, бүгінгі жаңғырған Конституцияға дейін жалғасады. Әр бөлім өз дәуірінің тарихынан сыр шертіп, құқықтық ойдың қалыптасу жолын айқындайды.

 «Дала заңдары – даналықтың бастауы» атты бөлімде қазақ хандары енгізген көне құжаттар топтастырылған. Бұл тарихи жәдігерлер келушілерге халқымыздың құқықтық дәстүрімен тереңірек танысуға мүмкіндік беріп отыр.

«Қазақстан Конституциясы әр кезеңде әділ сот жүйесін қалыптастыруға бағытталған. Бұл – бүгінгі күні де өзекті. Әсіресе 2022 жылғы реформалардан кейін Конституциялық соттың қайта құрылуы осыны айқын көрсетті. Осы дәстүрдің бастауын қазақ тарихынан да көруге болады. Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, кейін Тәуке ханның «Жеті жарғысы» – бәрі әділ заң мен тәртіпті орнатуға негізделген», – деді ҚР Президенттік орталығы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова.

Оқи отырыңыз: Конституция күніне орай цирк әртістері балаларға қуаныш сыйлады

Новости партнеров