Бұл – жыл басынан бері облыста тіркелген оныншы дерек
Қосшы қаласында жеті жасар қыз төртінші қабаттағы терезеден құлап кеткен. Өкінішке қарай, алған жарақаттары аса ауыр болғандықтан, медицина қызметкерлері келгенше бала көз жұмған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл – жыл басынан бері тіркелген оныншы дерек. Мамандардың айтуынша, қайғылы жайттың көбі күндізгі уақытта болады.
Ал соңғы бір айдың өзінде 3 бала ауруханаға түсіпті. Оның екеуі жансақтау бөліміне жатқызылса, енді бірі хирургия бөлімінде ем қабылдап жатыр.
«Екі бала бесінші қабаттан құлап түскен. Абырой болғанда, олар ағаш бұтағына ілініп, аман қалды. Мекемеге келгенде екеуінің де миында ісік бар екені байқалды. Жабық бас-ми жарақатын алған. Бір балаға шұғыл түрде ота жасадық, бірақ көкбауырын алып тастауға тура келді», - деді облыстық көпсалалы балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Ербол Жұмағалиев.
Оқи отырыңыз: Атырау облысында бір ауылдың 2 баласы Жайыққа батып кетті