Қостанай облысында жылу қазандығы жарылды

06.11.2024 20:59

Салдарынан 55 жастағы азамат жарақат алған

Қостанай облысы Амангелді ауданында 2 жыл бұрын орнатылған жылу қазандығы жарылып, ғимараты опырылды, деп хабарлайды Almaty tv.

Салдарынан 55 жастағы азамат жарақат алған. Ол орталық ауруханаға жеткізілген. Қазір тұрғындарды уақытша жылумен қамтамасыз ету үшін шара қолданылып жатыр.

"Жылумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін бір тәулік ішінде орнатуға дайын контейнерлік типтегі блокты модульдік қазандық орнатылатын болады. Сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстары кезінде қазандыққа қосылған үйлердің тұрғындарына жылумен қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданып жатыр. Тұрғындар жылусыз қалмайды", – деді Амангелді ауданының әкімі Қанат Кеделбаев. 

Оқи отырыңыз: Жетісу жұрты тұзды су ішуге мәжбүр