Рудныйда әйел адам иттің пышақ жарақатын алғанына куә болды
Қостанай облысында полиция итке пышақ сұққан ер адамды ұстады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Рудныйда әйел адам иттің пышақ жарақатын алғанына куә болды. Ол жануарды қорғау үшін дереу полиция шақырған.
"Полиция 41 жастағы күдіктіні ұстады. Аталған оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, мән-жайлар анықталып жатыр", — делінген хабарламада.
Айта кетейік, жануарларға қатыгездікпен қарау қылмыстық жауапкершілікке алып келеді. Ол үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл (738 мың теңге), түзету немесе қоғамдық жұмыстар (200 сағатқа дейін) тағайындалуы мүмкін, ал кей жағдайларда 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы көзделген.
Сондай-ақ елімізде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңға түзетулер әзірленгені белгілі болды.
Оқи отырыңыз: Аустралиялық кенгурулар Алматының ауа райына бейімделді