Қостанайда науқастың туыстары ұрған фельдшер ауруханаға түсті

Ботагоз Жокенкызы

Соққы алған маманның миы шайқалған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайда жедел жәрдем шақырған науқастың туыстары фельдшерді ұрып тастаған. Оқиға 17 желтоқсан күні, түнгі ауысымда болған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әнел Баймурзина ентігу мен жүрек ауруына шағымданған адамға алғашқы көмек көрсеткенә анықталды. Алайда науқасты аман алып қала алмайды. Қайғылы хабарды естіген марқұмның туыстары фельдшерге тап берген. Ал соққы алған маманның миы шайқалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

"Факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жедел-жәрдем шақыртқандар мен медицина қызметкерлері арасында сөзге келіспеушілік болғаны анықталды. Оның барысында 41 және 51 жастағы 2 әйел фельдшерге дене жарақатын салды. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу ұрып-соғу бабы бойынша жүргізілуде", – деді Полиция департаменті Ақпараттық саясат бөлімінің бас маманы Бауыржан Қасымқан.

Оқи отырыңыз: Көктайғақ: елдің басым бөлігіне қалың қар түседі

Новости партнеров