Қостанайда пәтерден ер адамның мәйіті табылды

Jason Rojas/unsplash.com/
Jason Rojas/unsplash.com/

Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайда ер адамның мәйіті мен жарақат алған бала табылды. Алдын ала мәлімет бойынша қаскүнем өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Полицейлер кәмелетке толмаған баланың денсаулығына ауыр зиян келтіру және мәйіттің табылуы фактілері бойынша екі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, тергеу барысына қатысты жағдайдың барлығы құпия болады», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде оқиғаның Толстой көшесіндегі үйде болғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, белгісіз біреу пәтерге баса-көктеп кіріп, баланы ауыр жаралап, кейін өз-өзіне қол жұмсаған.

Оқи отырыңыз: Алматыда қаланың жарық жүйесі жаңғыртылып жатыр

Новости партнеров