Костенко шахтасындағы 46 кеншінің өлімі бойынша он адам күдікті деп танылды

Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары мәлімдеді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Костенко шахтасында қаза тапқан 46 кеншінің өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қылмыстық іс бойынша 10 адам күдікті деп танылды. Бұл туралы Бас прокурордың орынбасары мәлімдеді.

Еске салайық, былтыр қазан айында Костенко шахтасында метан газы жарылып, қызыл жалын 6 шақырым жерге жайылып, 4 учаскені шарпыған еді. Сол түні жер астында жүрген 252 кеншінің 46-ы көз жұмды. Одан бері бір жыл өтсе де, алапат апатқа нақты кімдердің кінәлі екені белгісіз. Өйткені тергеу толық аяқталмаған.  

"Бұл – біз үшін орны толмас қаза. 46 кеншінің өмірі қиылды. Қазір 10 адам тергеліп жатыр.  ArcelorMittal компаниясына қатысты да істер бар. Әйтсе де, оның қай деңгейде екенін айта алмаймын", - деді ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев.  

Оқи отырыңыз: Өндірістік кәсіпорындарда зиянды заттарды өлшейтін құрылғы орнатыла бастады

Новости партнеров