2025 жылғы 15 қыркүйектегі Астана қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясына 1,42 млрд теңге айыппұл салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Астана қаласындағы департаменті шағым негізінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясына қатысты тергеу жүргізген.
«Компания өзімен байланысты ұйымдарға, яғни, «KTZ Express» АҚ және «КедентрансСервис» АҚ-ына артықшылық беріп, жеке экспедиторларға кедергі келтіргені анықталды. Бұл әрекеттер монополиялық жағдайды теріс пайдалану ретінде бағаланды. 22 тамыздағы сот шешімімен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясына 1,42 млрд теңгe айыппұл салынған. 2025 жылғы 15 қыркүйектегі Астана қалалық сотының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалды», - деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз: Алматыда АҚШ-тан пошта арқылы келген есірткі тәркіленді