Құлсарыда мопед мінген жеткіншек автобусқа соғылып, мерт болды

Оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдары тергеу жұмысын бастады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысына қарасты Құлсары қаласында қоғамдық автокөлік пен мопед соқтығысып, соның салдарынан қос дөңгелекті құралдың жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Қатты соққы алған 13 жастағы жеткіншекке жедел жәрдемдегілер бар көмекті көрсеткенімен, ажалдан арашалап қалуға мүмкіндік болмапты.

Әзірге кәмелет жасына толмаған баланың мопедті заңды немесе заңсыз басқарғандығы туралы ақпарат жоқ.  

«Құлсары қаласында қоғамдық автокөлікпен мопед құрылғысы соқтығысқан, салдарынан мопед көлік құралын басқарған 2012 жылы туған жасөспірім ауруханаға жеткізіліп, алайда алған дене жарақат салдарынан қаза тапқан. Қазір қылмыстық іс тіркеліп кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды», - деді облыстық ПД ақпараттық саясат бөлімінің инспекторы Дина Мақсотова.

Оқи отырыңыз: Аюмен селфи жасамақ болған: тауда жүрген турист өлі табылды

Новости партнеров