Жеті адамның өмірін жалмаған жол апаты: жүргізушінің жағдайы туралы айтылды

Ажал құшқандардың арасында балалар да бар

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды-Балқаш тасжолындағы жантүршігерлік апаттан аман қалған жүргізушінің жағдайы тұрақты. Жолаушы да дін-аман, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, көлік ішінде болған азамат ауруханаға жатудан бас тартыпты. Өңірдегі полиция департаменті 7 адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасына қатысты іс қозғалғанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, 5 шілдеде таңертең Ақшатау кентінің маңында Kia Sedona маркалы шағын автобус отқа оранған еді.

Жүргізуші алда келе жатқан көліктерді басып озбақ болып, жөндеу жүріп жатқан учаскедегі қоршауға соғылған. Соның салдарынан, көлік өртеніп, салондағы 7 жолаушы тірідей жанып кетті. Ажал құшқандардың арасында балалар да бар. 

«Аталған дерекке қатысты тиісті сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын толыққанды анықтау мақсатында тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл ретте жүргізушілер мен жолаушылардан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз. Әсіресе ұзақ сапар кезінде демалыс жасап отыруды ұмытпаңыздар», - деді Полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы Азамат Ахметов.

Оқи отырыңыз: Құлсарыда мопед мінген жеткіншек автобусқа соғылып, мерт болды

Новости партнеров