Құлсарылық кәсіпкердің дүкенінде вейп өнімдері мен насыбай сатылған

Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Жетісу облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі

Қазір заңсыз саудамен айналысқан кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Атырау облысындағы Құлсары қаласында тұратын кәсіпкердің дүкенінде вейп өнімдері мен насыбай сатылғаны анықталып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, бұл деректі Жылыой ауданындық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтаған. 

«Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде азық-түлік дүкенінде вейп өнімдерінің сатылып жатқаны белгілі болды. Құлсары қаласында тұратын 31 жастағы кәсіпкер өзінің иелігіндегі дүкенде заңсыз темекі өнімдерін саудалап келген. Дүкенге жүргізілген тексеру барысында 123 дана вейп өнімі мен 5 дана насыбай табылды. Заңсыз саудаланған өнімдер тәркіленді», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазір заңсыз саудамен айналысқан кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Сондай-ақ Атырау қаласындағы қоғамдық орындарда қорқор тұтынудың 37 дерегін анықталған. 

«Қоғамдық орындарда темекі өнімдерін пайдалану бойынша құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында ойын-сауық орындарында тексеру жүргізілді. Рейдтің нәтижесінде облыс орталығындағы көңіл көтеретін орындарда қорқор тұтынудың 37 дерегін анықталып отыр. Құқық бұзушылыққа жол берген кәсіпкерлер мен жеке тұлғаларды жауапкершілікке тартылды», — деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Оқи отырыңыз: Абай облысында 49 рет жол ережесін бұзған адам ұсталды

Новости партнеров