Домбырашының репертуарында 500-ден аса күй бар
Алматыдағы мультимедиялық дәстүрлі музыка орталығында «Күй өнеріндегі дара тұлға» атты шығармашылық кеш өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесу Қазақстанның Мәдениет қайраткері, күйші-зерттеуші Мұрат Әбуғазының 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Іс-шарада көпшілікке зерттеушінің шығармашылығы таныстырылып, еңбек жолындағы жетістіктері баяндалды.
Атап өтейік, бүгінде домбырашының репертуарында 500-ден аса күй бар. Ал оның орындаған туындылары «Қазақ» радиосының алтын қорына енген.
«Күйшілік – атадан - балаға, ұрпақтан - ұрпаққа өзінің саф қалпын жоғалтпай, жалғасып келе жатқан ғажайып өнер. Дүниежүзіндегі адамзаттың тарихына қазақ халқы не қосты дегенде, ұялмай айтатын өнердің бірі – күй», – деді ҚР Мәдениет қайраткері Мұрат Әбуғазы.
«Тек күй емес, ол – өнердің бапкері, сыншысы. Мен сұқбатымда «қазіргі заманның, ұлттық өнеріміздің Күреңбайы» деп айтып ем. Күреңбай – Құлагерді сынаған сыншы. Сондықтан күй ешқашанда ескірмейді», – деді ҚР еңбек сіңірген қайраткері Шәміл Әбілтай.
Оқи отырыңыз: Қытай Голливуд фильмдерін импорттауға шектеу қойды