Күлапара, далбағай, аққалпақ: Алматыда қазақтың бас киімдерінің көрмесі өтті

Көрмеге музей қорынан 40-тан аса экспонат қойылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда тұңғыш рет Ұлттық орталық музейде «Дәуірлер үні: Қазақ бас киімдері» атты көрмесі өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Көрмеге музей қорынан 40-тан аса экспонат қойылған. Олардың қатарында сирек кездесетін қазақтың дәстүрлі бас киімдері - күләпара, далбағай, аққалпақ сынды құнды үлгілер бар. Сонымен қатар халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде кеңінен қолданылған басқа да бұйымдар таныстырылды

Бүгінгі экспозицияға орталық музей қорынан 40-тан астап экспонаттар қойылған. Олардың қатарында бұрын көпшілік назарына сирек ұсынылған күлапара, далбағай, аққалпақ және басқада қазақтың дәстүрлі баскиімдерінің құнды үлгілері бар. Сонымен қатар, қазақ жауынгерлерінің әскери мәдениетін айшықтайтын дулығада көрермен назарына ұсынылған.

Келушілер ұлттық киім мәдениетінің ажырамас бөлігі саналатын сәукеле, кимешек, тақия, бөрік, тымақ, қалпақ және өзге де баскиім түрлерінің шығу тарихымен, қолданылу ерекшеліктерімен танысты. Көрмеде қазақ шеберлерінің қолөнердегі озық туындылары да көрініс тапқан.

«Қазақта кішкентай нәрестеден үлкен қарияға дейін бас киімнің түрлері болған. Оны өзінің жасына сай кигенін білесіздер жастан би, хан, батырға дейінгі киінген киімдер бар. Ерекшелігіміз  жаңағы ханнан бастап, қазақтың ерекше қыздарының бас киімі сәукеледен кішкентай тақияларға дейін үсынып отырымыз», – деді Ұлттық орталық музейінің бас ғылыми қызметкері Ғалия Теміртон.

 Зерттеушілердің сөзінше, қазақтың көне бас киімдері ерте заманнан бүгінге дейін қалыбын бұзбай жеткен. Дегенмен ұлттық киімдердің үлгісі өзгерген.  Этно-дизайнердің айтуынша, бас киімдермен, ұлттық киімдерді жаңғыртып, түрлендіру арқылы келер ұрпаққа жеткізуге күш салып жатыр.

 «Бас киім – ауқымды тақырып, түрі көп. Қазақстанның Алтайдан Атырауға дейінгі кең байтақ далсындағы әр өңірде түрлі бас киім киген.Сирек кездесетін бас киімдерді тігіп жатырмыз», – деді этно-дизайнер Тілек Сұлтан

 «Ұлттық музеймізде тамаша көрме болып жатыр. Бәріміз біле бермейтін бас киімдер көп, қуантады. Тақияны білеміз, бірақ кимешекті не сәукелені қай кезде киеді? Нақты хабарымыз жоқ», –деді қала тұрғыны Эльмира Өтебаева.

Көрмеде халқымыздың тұрмыс-тіршілігінде кеңінен қолданылған басқа да бұйымдар таныстырылып, олардың қызметі мен дәстүрлі ортадағы маңызы жан-жақты көрсетілді.

Ербол Медетбек, Жақсылық Тілепберген

Оқи отырыңыз: Түркістанда еуропалық үлгідегі қос қабатты туристік автобустар іске қосылды