Қайыңды жолын жөндеуге 2,4 миллиард теңге бөлінді - облыс әкімі

Almaty.tv
Almaty.tv

2025 жылға 1,5 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қайынды көліне апаратын жол мәселесі туралы айтып, нақты сомаларды атады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әкімнің айтуынша, Қайынды көліне апаратын ұзындығы 12 шақырымдық жолдың күрделі жөндеу мәселесі бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Бұл жолды жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттар бұған дейін дайындалғанымен, бюджет тапшылығына байланысты жоба бірнеше рет кейінге шегерілген. Нәтижесінде құжаттар ескіріп, қазіргі талаптарға сәйкес келмей қалған.

2025 жылы жобалық-сметалық құжаттама қайта түзетіліп, құрылыс жұмыстарының жалпы құны 2,4 миллиард теңге көлемінде белгіленді. Оның ішінде 2025 жылға 1,5 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылған.

«14 шілдеде конкурс жарияланды. Егер мердігер компания сәтті анықталса, құрылыс-монтаж жұмыстары тамызда басталады», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Дереккөз: Todayinfo.

Оқи отырыңыз: Алматының барлық ауданында екі апта бойы жылу желілері тексеріледі

Новости партнеров