Қызылорда облысында құстарды қынадай қырған аңшы ұсталды

Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облысында құстарды қынадай қырған азамат ұсталды. Заңсыз аңшылықпен айналысқан Арал ауданының тұрғыны «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Тәртіп сақшылары рейд барысында «Нива» автокөлігін тоқтатып, тексеру жүргізген. Нәтижесінде көліктен 55 дана үйрек пен қасқалдақ табылып, тәркіленді.

Қазір аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  

«Автокөлікті тексеру барысында бір дана аңшы мылтығы, 9 дана оқ, 2 қапқа салынған 55 дана үйрек пен қасқалдаққа ұқсас құс тәркіленді. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеп-тексеру амалдары жүруде», - деді Арал аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Ғалымжан Табынбай.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында құбыр жарылып, 33 елдімекен газсыз қалды

Новости партнеров