Түркістан облысында құбыр жарылып, 33 елдімекен газсыз қалды

Қазір жауапты мамандар жөндеу жұмыстарын тәулік бойы жүргізіп жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында мыңдаған тұрғын көгілдір отыннан қағылды. Мақтаарал ауданында жоғары қысымды газ құбыры жарылып, 9 мыңнан астам абонент газсыз қалып отыр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Апат диаметрі 400 миллиметр болатын магистральда болған. Бұл құбыр «Мақтаарал» газ тарату стансасын Мырзакент ауылымен байланыстырады. Мамандар жерді қазып тексеру кезінде құбырлар қосылған тұста герметизацияның бұзылғанын анықтаған.

Соның салдарынан 33 елдімекенге көгілдір отын жеткізу уақытша тоқтады. Қазір жауапты мамандар жөндеу жұмыстарын тәулік бойы жүргізіп жатыр.  

«Игілік елдімекенінде жоғары қысымды 33,5 шақырым газ құбырынан ақау табылып, соның кесірінен 33 елдімекен газсыз отыр қазіргі таңда. Сол ақау толық қалпына келтірілді. Енді осы елдімекендерге газ беруді бастаймыз», - деді «Атакент» газ шаруашылығының шебері Нұрдәулет Сейдіахметов.

Оқи отырыңыз: Құлсарыда көшеде жүрген жасөспірімге түйе шабуыл жасады

Новости партнеров