Қызылордада синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1120 сайт бұғатталды

Depositphotos
Depositphotos

Заңсыз айналымнан 1 тонна 570 килограмм есірткі заты алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызылорда облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жыл басынан бері 237 құқық бұзуды анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағандай, оның 66-сы — есірткі өсіру, 22-сі — есірткі өткізу, 5-і — есірткі жарнамалау деректері. Сондай-ақ есірткіні аса ірі мөлшерде сақтау, есірткі тұтынуға көндіру қылмыстары әшкереленді. 

"Заңсыз айналымнан 1 тонна 570 килограмм есірткі заты алынды. Оның ішінде сора, марихуана, көкнәр мен синтетикалық есірткінің салмағы басым. Үй жағдайында сора өсімдігін өсірген 5 фитозертхана анықталды. Облыс орталығындағы көпқабатты үй аулалары, гараждар мен құрылыс аумақтарының арасын тексеру нәтижесінде есірткіні жарнамалайтын граффити суреттерінің азайғаны анықталды", — делінген хабарламада.

«Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне синтетикалық есірткіні жарнамалайтын 1120 сайт енгізіліп, бұғатталды. 

Оқи отырыңыз: Петропавлда өрт шыққан үйден 13 адам эвакуацияланды

 

Новости партнеров