Leadership: KMG PetroChem жоғары оқу орындарымен меморандумға қол қойды

Almaty.tv
Almaty.tv

KMG PetroChem-нің «Leadership» жобасы тұрақты кадрлық резервті қалыптастыруға бағытталған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласының мамандарын даярлауға ерекше көңіл бөлінеді. «ҚазМұнайГаз-дың» еншілес компаниясы KMG Petrochem «Leadership» жобасының ауқымын кеңейтуді көздеп отыр. Бүгін Қазақстан-Британ техникалық университетінде осы тақырыпта кездесу өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

KMG PetroChem-нің «Leadership» жобасы тұрақты кадрлық резервті қалыптастыруға бағытталған. Бұл платформа студенттердің сала өкілдерімен тікелей байланыс орнатуына, талап-міндеттерді білуіне, мансаптық жолдың қыр-сырын меңгеруіне, өндіріс жөнінде ақпарат алуына жағдай жасайды. Ал компанияның жаңадан жұмысын бастайтын жобаларына маман дайындау – басты міндеттердің бірі.

«Қазіргі кезде компания үлкен дайындық жұмысын жүргізіп жатыр. Жобамыз газ сепарациялық қондырғысы Атырау облысында Теңіз мұнай-газ кен орнында орналасады. Биыл құрылыс басталады. Енді 3-4 жылдың ішінде зауытты іске қосуымыз керек. Қазірден бастап маман іздеп, осындай шараларды жүргізіп жатырмыз», – деді «KMG Petrochem» ЖШС техникалық сарапшысы Нұрлан Кейкин.

Кездесу аясында KMG PetroChem 3 жоғары оқу орнымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Құжатқа сай, олар бірлесе оқу бағдарламасын әзірлеп, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тағылымдама өткізіп, кәсіби біліктілікті арттыруға көңіл бөледі. 

«Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан жобалар білікті, кәсіби қабілеті жоғары мамандармен толығуы тиіс. Әрине, ең алдымен, техникалық қызметкерлер керек. Республика көлемінде бұл мамандарға сұраныс жоғары», – деді «KMG Petrochem» ЖШС басқарма төрағасы Игорь Ильин

«Leadership» жобасы тұрақты түрде жұмысын жалғастырмақ. Сонымен қатар ауқымын кеңейтіп, елдің бірнеше өңірінде қызметін бастайды.

Атап өтейік, KMG Petrochem ЖШС – бұл «ҚазМұнайГаз-дың» еншілес компаниясы. Кәсіпорын еліміздің мұнай-газ химиясы саласын дамытудағы маңызды жобаларды жүзеге асырады. Олардың қатарында газды бөлу, полиэтилен, карбамид өндірісі және өзге де бағыттар бар.

Рүстем Айткәрім, Аида Иманәлі, Әлішер Ерғалиұлы

Новости партнеров