Әлеуметтік желіде балағат сөздер айтқан азамат 7 тәулікке қамауға алынды

Depositphotos.com
Depositphotos.com

Оның әрекеті әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында TikTok-та балағат сөздер айтып, қоғамдық әдеп нормаларын өрескел бұзған азамат анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv

Тексеру барысында құқық бұзушының Қызылорда облысының тумасы, 23 жастағы Нұрболсын Жақсылық екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша тиісті шаралар қабылданып, сот шешімімен құқық бұзушы 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция азаматтарға әлеуметтік желілерде қолданыстағы заңнама талаптарын сақтаудың маңызын ескертеді. Қоғамдық әдеп нормаларын бұзу және балағат сөздер қолдану заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу, құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

Оқи отырыңыз: Өскеменде құтқарушылар өрттен 15 адамды эвакуациялады