Әлихан Бөкейханов - ұлт көшбасшысы: Алматы облысында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Жиынға тарихшы ғалымдар мен ұстаздар қатысып, көрнекті қоғам қайраткерінің өмірін, тәуелсіздік жолындағы күресін талқылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың есімі ұлықталды. Алаш қозғалысы көшбасшысының 160 жылдығына орай Қарасай ауданы, Береке ауылындағы орта мектепте ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жиынға тарихшы ғалымдар мен ұстаздар қатысып, көрнекті қоғам қайраткерінің өмірін, оның тәуелсіздік жолындағы күресін талқылады. Мамандардың сөзінше, Алаш зиялысы - қазақ мемлекеттінің негізін қалауға зор үлес қосқан тарихи тұлға.

Ал оның идеясы мен мұрасы әлі күнге дейін Қазақстан үшін өзекті. Сондықтан осындай ғылыми кездесулерді жиі ұйымдастыру – еліміздің болашағы үшін маңызды. Бұл – жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттырмақ.

«Бөкейхановты зерттеген профессор, ғылым кандидаттарының аузынан естіген мағлұмат – өз алдына бір төбе. Мақсат  –  ұстаздардан, профессордың аузынан естіген ақпаратты бойына сіңірген мұғалім арқылы оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу», – деді «Береке орта мектебі» КММ директоры Жанар Айтақова.

Оқи отырыңыз: «Талдау мектебі. Алматы» жобасына өтінім қабылдаудың аяқталуына 10 күн қалды

Новости партнеров