Турнирге 55 пен 70 жас аралығындағы азаматтардан құралған 12 команда қатысты
Алматыда батыр, қолбасшы Әлмерек Жаншықұлының ерлігін дәріптеу мақсатында волейболдан турнир өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара тарихи тұлғаның өмір жолын насихаттап, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналды. Жоба жетекшілері «бұқаралық спортты дамытуда турнирдің үлесі зор» деп атап өтті.
«Баба туралы іс-шара көп ұйымдастырылып жатқан. Болашақта жалғасын таба береді. Бүгінгі ойында ауыстырмалы кубок беріледі», – деді «Әлмерек» мәдени-тарихи қоғамдық қорының атқарушы директоры Ысқақ Нұрмұхаметов.
Турнирге 55 пен 70 жас аралығындағы азаматтардан құралған 12 команда қатысты. Оның ішінде Әлмерек Жаншықұлының тікелей ұрпағы, Ауған соғысының ардагерлері мен «Желтоқсан ақиқаты» қозғалысының мүшелері бар.
«Батырларымызды ұлықтау – тарихымызды ұмытпау» деген ұранмен келешек ұрпаққа елі, жері үшін қызмет еткен бабалардың даналық, көсемдік, шешендік өсиетін насихаттау – мақсат», – деді Ә. Жаншықұлының ұрпағы Елдос Нұғманов.
Оқи отырыңыз: Алматы метросында жол ақысын төлеу жеңілдейді